Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – Илон Маск адамзаттың басты мәселесін атады, - деп хабарлайды Hi-news.
Илон Маск болашақтағы адамзат тағдыры үшін алаңдаулы. SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск алдағы 30 жылда адамзаттың даму жолына қатысты болжамын бөлісті. Масктың пікірінше, жақын онжылдықтарда адамзатты «популяциялық бомба» жарылысы күтіп тұр, яғни, ғаламшардың қартайып бара жатқан тұрғындарының саны әлемдік туу деңгейінен асып кетеді. Салдарынан БҰҰ-ның соңғы баяндамасында айтылғандай, 2050 жылы Жер тұрғындарының саны өспейді, керісінше айтарлықтай азаяды.
«Әлем тұрғындары өз коллапсына қарай екпінмен жылжып келеді, бірақ ешкім оны байқамай отыр», - деп Маск БҰҰ-ның соңғы есебіне пікірін айтты.
Оның айтуынша, «демографиялық мәліметтерде жас стратификациясы төңкерілген пирамидаға ұқсап, қартайған буынның өкілдері жас буынның өкілдерінен көбірек болады».
Tesla мен SpaceX басшысы норвегиялық ғалым Йорген Рандерстің пікірін мысал етті, ол «2052 жыл: алдағы қырық жылға ғаламдық болжам» атты кітабында адамзат саны 2040 жылға қарай азая бастайтынын жазған.
Басылымның хабарлауынша,
Масктың идеясы БҰҰ-ның соңғы есебіндегі ақпараттарға қарсы, бұл есепте әлем
тұрғындарының деңгейі 2100 жылға дейін өсетіні жазылған. Баяндама мәліметі
бойынша, 2050 жылы Жер халқының саны 9,7 миллиард болады. Онда әлем
тұрғындарының саны баяу өсіп жатқаны, ол тек 2100 жылы ғана азаятыны, бірақ ол
кезде ғаламшарда 11 миллиард адам тұратыны хабарланған. Бұл есепте «Жер
халқының қартайып жатқаны» да айтылған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024