Экономика
Выбор редактора
Адем-1 сауда орталығындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер қоғамдық бірлестік құрады
"Отқа оранған сауда орталығының кәсіпкерлері мен жеке меншік иелері арнайы қоғамдық бірлестік құрады. Бұл туралы заңгер-маман, құқыққорғаушы Василий Резван мәлімдеді деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
"Біз арнайы Адем-1 сауда орталығында зардап шеккен кәсіпкерлер мен меншік иелерінің" қоғамдық бірлестігін құратындығымызды мәлімдейміз. Құзырлы органдармен біріге отырып атқарылған жұмыс өрттің себебін анықтауға оң жағынан ықпал етеді деп ойлаймыз", - деді заңгер. Ол ҚР президені Н.Назарбаевтан Бас проуратура арқылы арнайы тергеу тобын құруды сұрайтындығын да атап өтті. Сондай-ақ, оның сөзінше Адем-1 сауда үйі 5,8 млрд теңгеге сақтандырылған. Және сақтандыру жүйесінің Грекия, Еуропа арқылы орындалғандығы да көптеген сұрақтар туғызып отыр. "Арнайы қоғамдық бірлестік арқылы осы және басқа да сұрақтарға заңды жолмен жауап алуға мүмкіндігіміз болмақ",- дейді В.Резван.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024