Бүгін түнде «Адем» сауда үйі өртеніп кетті. Аталған сауда үйі кімге тиеселі еді? Radiotochka.kz сайтының жазуынша, сауда үйіне «БАТТ» корпорациясы иелік етеді. Бұл компанияның құрылтайшылары - Талғат Қуанышев пен ерлі-зайыпты Тимур-Альфия Қуанышевтар. 1990 жылы құрылған компания алғашында тұтыну тауарлары мен кеңсе техникалары, азық-түлік сатумен айналысқан. Кейін ірі инвестициялық компанияға айналған.
120 000 шаршы метрлік «Адем» сауда үйінің құрылысын корпорацияға қарасты «БАТТ Стройинвест» компаниясы жүргізген. Корпорация сонымен қатар Дубай маңында салынып, кейін құрылысы уақытша тоқтатылған қолдан жасалған аралардандан тұратын The World жобасы инвесторларының бірі. Корпорацияға Қазақстанда тұңғыш рет ашылған «Зеленые холмы» балабақшасы да тиеселі.
«БАТТ»-тың Петропавлдағы арақ зауыты, Ресей мен Қазақстандағы «Центрально-Азиатская нефть» ЖШС, «Тенге», «Мухтар-Коныр-Акмечеть», Урал-Волга, Көлжан-Ұялы, многофункциональная «Азимут» ЖШС, «Каспиан Энерджи Сервисиз» сияқты жобалар мен компанияларда үлесі бар. Және бұл бағытта тағы бірнеше жобаларға инвестиция салған.
Қаржы саласында «ДБ «Punjab National Bank» АҚ (бұрынғы «Данабанк» АҚ) акцияларының иесі. Қуанышевтар отбасы Forbes.kz-тің 2014 жылғы рейтингінде $300 миллион доллармен 21 орынды иеленген еді.
Тимур Қуанышев - «PNB Казахстан» директорлар кеңесінің мүшесі. 1964 жылы Ақмола облысының Поповка ауылында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген. 1990 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. Әкесі Қуанышев Оразбек– Социалистік еңбек Ері. ҚазССР-дің нан өнімдері министрі, Көкшетау, Қостанай облыстарының хатшы болған. Тимур Қуанышевтің туған бауыры Дулат Қуанышев Қазақстанның Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі.
Альфия Қуанышева «БАТТ» инвестициялық компаниясының директоролар кеңесінің тең төрағасының бірі.
Еске сала кетейік, «Адем» сауда орталығы 2002 жылдың соңында ашылған еді. 2011 жылы АТФ банкке қарыз болуына байланысты сауда үйінің 1,3 ғимараты 110 миллион долларға сатылады деген ақпарат тараған болатын. Алайда, мәселенің шешілуіне байланысты сауда үйі сатылған жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024