Белгілі адвокат Абзал Құспан Ulysmedia.kz порталына сұхбат беріп, Ұлттық қауіпсіздің комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді.
Ulysmedia.kz тарапынан Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған Кәрім Мәсімов жайлы не ойлайтыны да сұралды заңгерден. Абзал Құспан жеке пікірін білдіре отырып, Мәсімовтың қазіргі уақытта аса ауыр айыптау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлім етті. Адвокаттың айтуынша, қаңтар дүрбелеңі басталған кезде облыстардағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кей департаменттері жұмыс істемей қойғаны, қызмет орындарынан тастап кеткені, оның жоғары жақтан келген тапсырма болғаны – қазірдің өзінде белгілі болып отыр.
«Ішкі істері органдары болсын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті болсын – мынадай ереже бар: біріншіден онда сөзсіз, билік иерархиясы қатты сақталады. Жоғарыдан келген тапсырманы, бұйрықты орындауға міндеттісіз. Ол бұйрық талқыланбайды, орындалады деген ереже бар. Бірақ егер бұйрық көрінеу заңсыз болса, онда бұйрыққа емес, заңға бағынасың деген норма бар. Бұл – өте қатаң сақтауды қажет ететін, өте бір күрделі ереже. Өзіңіз ойлап қараңызшы, өмір бақи олар курсант кезінен бастап бұйрыққа бағынуды үйренеді. 20 жыл бойы бұйрыққа бағынып келеді. Ал бір осындайда басшылары ешқайда шықпаңдар, араласпаңдар деген секілді бұйрық берсе, олар қиын жағдайда қалады», - дейді Абзал Құспан.
Заңгер сұхбат барысында бұл ақпаратты Аманат комиссиясының басшысы емес, жеке пікірі ретінде айтып отырғанын ескертті. Сөзінше, Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің басшысы Ермеков деген азамат заңсыз бұйрыққа бағынбай, ҰҚК ғимаратын сақтап қалған.
«Ал көптеген жерде, мысалы Алматыдағы ҰҚК басшысы ғимаратты тастап кеткені, ол жерде көптеген құнды құжаттың жоғалып кеткені туралы ақпарат шығып жатыр. Бұл масқара жағдай. Оған кінәлі кім? Сол саланың тікелей басшысы Кәрім Мәсімов. Ол екі орынбасарымен бірге қамауға алынды. Сондықтан, менің ойымша, ол кісілерге қатысты қылмыс толығымен дәлелін тауып, тиісті жазасын алады деп есептеймін. Өмірлік бас бостандығынан айырылса да, мен таңғалмаймын», - деп атап өтті Абзал Құспан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024