Алматы. 26 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанның ауылды өңірлерінің дамуын қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік компания "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 2018 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ислам қаржы өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Gateway корпорацияға өз клиенттеріне несиелік өнімдерді ұсынуға және Ислам қаржы нарығына белсенді қатысуға мүмкіндік беру үшін заң консультацияларын және көмек ұсынатын болады.Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев корпорация жұмысының басты мақсаты қазақстандық шаруа қожалықтарына ең жақсы өнім мен жағдайлар ұсыну болып табылады, Ислам қаржы секторына кіру осы мақсатқа қол жеткізуге көмектеседі.
Қазақстан 2009 жылдан бастап ТМД және Орталық Азия өңірінде ислам қаржыландыруын енгізу бойынша көшбасшы болып саналады. Reuters агенттігінің соңғы есебі бойынша, Қазақстан ислам инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар бойынша бесінші орын алған.
Еске салсақ, "ҚазАгро" холдингінің компаниялары тобының құрамына кіреді және оның тікелей басшылығымен Қазақстанның барлық облыстарындағы 13 филиалы мен өкілдіктерінде өз қызметін іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.
Gateway - Ислам қаржысы саласында үлкен тәжірибесі бар, Ислам экономикасының заң және кәсіптік көрсетілетін қызметтері жөніндегі маман.Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024