Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – 29 қыркүйекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов исламдық қаржы саласындағы ең беделді Global Islamic Finance Awards (GIFA) сыйлығының марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АХҚО үш жоғары марапатқа ие болды. «Ислам қаржысына институционалдық қолдау көрсеткені үшін» сыйлықты АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов алды.
Ислам қаржыландыру департаментінің директоры Әлібек Нұрбеков «Ислам қаржысы саласындағы саясатты әзірлегені үшін» жеке номинациясы бойынша марапатталды, АХҚО Бюросы исламдық қаржы саласындағы «Адам капиталын дамыту жөніндегі бастамалар» үшін атап өтілді.
Ислам әлемінің беделді сыйлығының сегізінші салтанатты рәсімі Босния және Герцеговина, Сараево қаласында өтті. Бұл іс-шара жыл сайын түрлі елдердің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ислам қаржы институттарының өкілдерін бір алаңда жинайды.
Айта кетерлігі, 2017 жылы GIFA тапсыру рәсімі Астана қаласында өтті. Сыйлық аясында ислам қаржы саласындағы әлемнің үздік компанияларының тізімі жарияланатын Global Islamic Finance Report - GIFR жыл сайынғы жаһандық есебі шығарылады. Олардың қатарына АХҚО да енді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024