Нұр-Сұлтан. 21 маусым. 7kun.kz – «Зерде» холдингінің басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов Arbat.Media ютуб-арнасына сұхбат беріп, Айнұр Серғазиева туралы ел аузында жүрген алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды.
Айта кетейік, Айнұр Серғазиева қазір Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Ол бұл қызметке тағайындалғаннан кейін қоғам арасында сан-түрлі әңгіме тараған еді. Алдымен оның инстаграмдағы шетелге саяхаттап, қымбат заттар алып жүрген суреттері сөз болды. Кейін Әбдірасыловпен көңіл қосқаны туралы айтыла бастады. Кейбір «интернет зерттеушілері» олардың бірге жүрген суреттерін де атуып алып, желіге жариялады.
Arbat.Media ютуб-арнасына берген сұхбатында Әбдірасыловтың екеуміз де бойдақпыз, деді.
«Айнұрдың басы бос, мен де бойдақ адаммын. Сондықтан өз еркіміз, біреудің құлы емеспіз. Негізі, бір рет кездескенбіз. Сөйлесіп, араласып жүрген қарым-қатынастамыз. Болашақта қалай болатынын тағдыр ғана біледі. Мүмкін болашақ балаларымның анасы болар, мүмкін басқаша болар», – дейді Арман Әбдірәсілов.
Ол сонымен қатар Серғазиеваның агенттікке қызметке тағайындалуына еш ықпалы болмағанын айтты.Сондай-ақ өзін «екінші Рахат Әлиев» дейтіндерге түсініктеме беріп, өзінің ешқандай саяси ықпалы жоқ екенін және өзі туралы материалдардың отандық БАҚ беттерінен жойылуына қатысы барын жоққа шығарды. Сұхбатта ол түрлі қауесеттің тарауына компанияға тиімді, кейбіреулерге тиімсіз жұмысының қатысы болуы мүмкін, деп санайтынын білдіргендей болды.
«Nitec компаниясының нарықтағы бағасын 2 есе көтеріп, 100 миллион долларға жеткіздік. Сонымен бірге 77 басшы лауазымынан босатылды. Сондай-ақ 3 жылда бір аудит өткізіп, компаниядан 17 миллиардтан астам теңге ұрланғанын дәлелдеп, материалдарды Антикорға тапсырдық. Бірақ іс әлі қозғалып жатқан жоқ. Сонымен қатар өзіміздің қарамағымыздағы компаниялардың бағасын 5 есе өсірдік. Қазіргі кезде шотымызда 12 миллирдтан астам ақша жиналып қалды. БІрақ оған кейбір кісілердің «алақандары қышып жатыр»», – деді Әбдірәсілов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024