Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Air Astana 5,6 сәуірде Алматы, Нұр-Сұлтан, Атыраудан Стамбұл бағытындағы рейстерді тоқтатады

Air Astana 5,6 сәуірде Алматы, Нұр-Сұлтан, Атыраудан Стамбұл бағытындағы рейстерді тоқтатады

Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – Air Astana 2019 жылдың 7 сәуірінен бастап Стамбұлдан келетін және ұшып шығатын барлық рейстерді Стамбұлдың жаңа әуежайына ауыстырады, - делінген компания хабарламасында.

«Ататүрік әуежайының жабылғанына және жаңа Стамбұл әуежайына рейстерді ауыстыруға байланысты Air Astana 2019 жылдың 5 және 6 сәуіріндегі кестеге өзгерістер енгізді», - делінген хабарламада.

5 сәуірде КС869/870 Атырау-Стамбұл-Атырау және KS 911/912 Алматы-Стамбұл-Алматы рейстері тоқтатылды.

6 сәуірде КС 911/912 Алматы-Стамбұл-Алматы және КС 917/918 Нұр-сұлтан-Стамбұл-Нұр-сұлтан рейстері тоқтатылды.

Осы күндерге билеттерді сату наурыз айының басында тоқтатылды.

Қазіргі уақытта Air Astana аптасына 7 рет Алматыдан, аптасына 5 рет Нұрсұлтан және аптасына 2 рет Атыраудан Стамбулға күнделікті рейстерді орындайды.

Стамбулдың жаңа әуежайы Стамбұлдың еуропалық бөлігінен солтүстікке қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

Air Astana 2002 жылғы мамырда тұрақты рейстерді орындауға кірісті және қазіргі уақытта 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтитын маршруттық желісі бар. Әуекомпанияның әуе флоты Boeing-767-300ER, Boeing-757-200, A320neo, E190 және 190E 2 ұшақтарынан тұрады.

Похожие материалы