Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 2017 жылдың қаңтар-маусымында 1,9 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі маршрут бойынша 1 миллионға жуық жолаушы тасымалданды. Ал халықаралық бағыттарда қатынаған жолаушылар саны - 887 мың адам болды.
Ішкі маршрут бойынша жолаушылар ағымы 4 пайызға өскен. Ал халықаралық трафиктегі өсім 22 пайызды құрады. Оған себеп Алматы және Астана әуежайларында аялдайтын транзиттік жолаушылары санының артуы. Транзиттік жолаушылар саны 62 пайызға өскен.
2017 жылдың І жартыжылдығында әуе компаниясы 3,365 мың тоннаға дейін жүк тасымалдаған. Бұл 2016 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 22 пайызға көп.
Айта кетейік, Air Astana - "Самұрық-Қазына" (51%) мен BAE Systems-тің (49%) ортақ компаниясы. Air Astana 2002 жылдың 15 мамырынан бастап тұрақты рейстерді орындап келеді. Қазіргі уақытта 60-қа жуық халықаралық және ішкі рейстерді атқаратын маршруттық желісі бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024