Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып орындау туралы шешім қабылдады. Бұған сәйкес ұшу уақыты төмендегідей ұзарады:
Алматы – Дубай 20 минутқа, Дубай – Алматы 10 минутқа, Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа, Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа.
Air Astana жағдайды мұқият қадағалап отырадтынын, қандай да бір өзгерістер орын алған жағдайда жұртшылықты хабардар ететінін мәлімдеді.
Мұндай шешімді SCAT әуе компаниясы да қабылдаған.