Бұл туралы Инвестиция және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.kz . Оның сөзінше, ҚР-ның Инвестиция және даму министрлігі әуекомпанияларға ұшу құнын төмендету туралы ұсыныс білдірген. "Өткен аптада біз негізгі операторлармен отырыс өткіздік және олар министрлік ұсыныстарына бір апта ішінде бағаны төмендету туралы жауап беруі қажет",-деп атап өтті Ж.Қасымбек.
"Эйр Астана" ішкі рейстерге бағаны төмендетеді, SCAT-та төмендетеді деп айта аламын. Олар бізге есеп береді. Отынның бағасы құлдырады, осыған сай біз де талап ете аламыз. "Эйр Астана" билет құнын 30 пайызға, SCAT 38 пайызға төмендетуі қажет",-деп түсіндірді вице-министр.
Ж.Қасымбектің атап өтуінше, темір жол билеттерінің құны өзгермейді. Ал қазір, әкімдіктен қоғамдық транспорттағы билет бағасын төмендету туралы сұрақты қайта қарауды ұсынып жатқандығын атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024