Желіде Air Astana әуе компаниясы Питер Фостермен келісімшартты ұзартудан бас тартты деген қауесет тарады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сыбыстардың пайда болуына Питер Фостердің әйелі Татьянаның Instagram-дағы «stories-жарияланымы» себеп болды. Ол Лондоннан бірнеше фотосуреттерімен бөлісіп, көшетінін жариялаған еді.
«Уақыт қалай тез зымырап өтіп жатыр. Жақында мен балалармен Англияға көшемін. Мен үшін бәрі жақсы болатынына және мен өзімді осы елде табатыныма сенімдімін. Бірақ бұл аздап қорқынышты», – деп жазды Татьяна Фостер.
Facebook қолданушысы Талғат Жолдыбаев "Қазақстан авиациясы" тобында "сторис" скриншотын жариялап, "Питер Фостермен келісімшартты ұзартпайды дейді" деп жазды.
Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі кейін бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Air Astana президенті Питер Фостер Қазақстанда қалып, компаниялар тобын басқаруды жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның жұбайы мен балаларын Ұлыбританияға оқуға көшіру мүмкіндігі қарастырылуда",– деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер мен Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкерлері ақпан айының басынан бастап репатриация бойынша бірқатар рейстер ұйымдастырды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024