Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Францияның Airbus әуе құрылысы компаниясы 2030 жылға дейін қоршаған ортаға зиян тигізбейтін «жасыл» ұшақты шығарады. Бұл туралы атқарушы директор Сандра Шеффердің мәлімдемесіне сілтеме жасап, Bloomberg басылымы хабарлады.
Компанияда ірі ұшақтарды экологиялық тұрғыдан жасау қиын екенін айтты. Сондықтан, инженерлер аймақтық рейстерді орындайтын көміртегінің нөлдік шығарындысы бар 100 жолаушы орнына арналған ұшақтарға назар аудардыған. Airbus оларды 2030 жылға дейін ұшыруды жоспарлап отыр.
Алайда, авиақұрылыс компаниясының өкілі олар ірі ұшақтарды да жетілдіріп, кеңейтетінін хабарлады. Мысалы, Airbus A350 әуе лайнеріне жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Airbus Boeing және басқа да ірі авиақұрылыс компанияларымен бірге 2050 жылға қарай шығарындыны екі есеге қысқартпақ.
«Бүгінгі таңда бұл міндеттемелерді бірыңғай шешу мүмкін емес, бірақ егер біз бірігіп жұмыс істесек, бірнеше шешім табылуы мүмкін», - деп толықтырды Шеффер.
Bloomberg басылымы компанияның бастамасы бірден бірнеше Еуропалық Одақ елдерінің билігінің ұсынысымен сәйкес келгенін атап өтті. Олар әуетасымалдаушылар үшін жаңа экологиялық салық енгізуді жоспарлап отыр. Ресми тұлғалар бұл әуе парктерді неғұрлым экологиялық таза етеді деген сенімде.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024