Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Airbus әуетаксиінің алғашқы ұшуы өтті

Airbus әуетаксиінің алғашқы ұшуы өтті

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz - Airbus  автоөндіруші компаниясы қаңтардың соңында өзінің Vahana электрлі әуетаксинің  алғашқы ұшуы жайлы видео жариялады.

Сынақтан өткізу кезінде компания прототипті шамамен бес метр биіктікте ауаға көтеріп, бірнеше минуттан кейін қондырған. Ұшу кезінде әуетаксиі батарея қуатының небәрі 8 пайызын ғана жұмсаған.

Әуетаксиін жасау мақсатымен компания 2016 жылдан бастап  Vahana  жобасымен айналысып келеді.  Егер бәрі сәтті іске асып, әуетаксиі қолданысқа берілсе, оны мобилді қосымша арқылы шақыртуға да болады деген болжам бар. Airbus есептеуінше, мұндай жаңа технологияны қолданысқа енгізу қала ішінде көлік кептілісін болдырмауға септігін тигізеді.

Airbus-тан бөлек әуетаксилері жобасымен  Uber де айналысады. Бұл компанияның жоспарынша, әуетаксиінің жол ақысы кәдімгі такси бағасымен шамалас болады. Қос компания әуетаксилерін 2020 жылы іске қосады.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы