Ғарышкер Айдын Айымбетов "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің елшісі болды. "Астана "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов арнайы сертификат тапсырды деп хабарлайды vlast.kz.
"Айдын біз сені көрменің елшісі ретінде тағайындауды жөн көрдік. Қазір көрмеде жұмыс істейтін Қазақстанның танымал тұлғаларының қоғамдық кеңесін құру туралы іспен айналысып жатырмыз. Біз олардың көрме елшілері болғанын, көрмені насихаттауды және сол арқылы Қазақстанның танымал болғанын қалаймыз. Бұл сен үшін де, көрме мен ел үшін де маңызды болады деп ойлаймын. Сондықтан аталған құжат сенің «ЭКСПО -2017 елшісі» ресми мәртебесінің иегері екеніңді білдіреді», - деді Ахметжан Есімов. Сондай-ақ, көрме басшысы ғарышкерге "Қазақстан Байқоңыр", "Союз ТМА 18М" деп таңбаланған қол сағатын тарту етті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024