Қазкоммерцбанктың бұрынғы басқарушы директоры Айгүл Жайлаубекова Цеснабанк Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 26 мамырындағы шешіміне сәйкес, банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
Айгүл Жайлаубекова 1971 жылдың 22 мамырында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін әлеуметтану мамандығы бойынша бітірген. Ланкастер университетінің (Ұлыбритания) ұйымдастыру менеджмент саласындағы ғылым магистрі дәрежесіне ие және Франциядағы INSEAD бизнес мектебінде мамандандырылған банктік бағдарлама бойынша дәріс алған.
“Altyn Bank” АҚ төраға орынбасарының қызметінде болған. Сонымен бірге, HSBC Kazakhstan (2011-2014) және Citibank Kazakhstan (2007-2011) еншілес банктерінде төраға орынбасары болған. Аталған қаржы институттарында бизнестің халықаралық бағыттарына жауапты болды.
2015 жылдың тамыз айында Қазкомның атқарушы директоры лауазымына тағайындалған.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024