Астана. 6 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда өткен 9 айда бензин бағасы 8,7 пайызға қымбаттаған. Бағаның күрт қымбаттауы Батыс Қазақстан облысында - 10,6 пайыз, ең төменгі Қостанай облысында - 6 пайыз. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Қазақстанның бірқатар аймақтарында бензин тапшы болып, АИ-92 маркалы бензин бағасы бір литрге 150-155 теңгеге дейін көтерілді. Оның ішінде AИ-92 бағалары күрт өсті. Өткен жылдың 9 айы ішінде олар 9,4 пайызға өсті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға қымбаттаған.
2017 жылы қыркүйекте АИ-92, АИ-96 бағасы, 2016 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 8,8 пайызға, АИ-98 бензині 5,7 пайызға өскен.
Батыс Қазақстанда жанармай бағасы қыркүйекте 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 10,6 пайызға өссе, өткен жылы аймақта баға 0,9 пайызға ғана қымбаттаған.
Сондай-ақ бензин бағасының ең жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстанда - 9,8 пайыз, Шығыс Қазақстанда - 9,7 пайызға және Қарағанды облысында - 9,6 пайызға өскені байқалады. Ал Астанада 8,7 пайызға, Алматыда 8,5 пайызға қымбаттаған.
Бензиннің ең баяу өсуі Қостанай облысында 6 пайызды құрады.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024