Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz - Ресейдегі McDonald's-тың президенті Хамзат Хасбулатов Оралдағы мейрамханалар желісін McDonald's франшизасы бойынша серіктесі Қайрат Боранбаевтың иелігіне берген. Бұл туралы ол RNS порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
Хасбулатовтың сөзінше, өткен жылы Оралдағы брендті дамытып, бизнесті басқарып отыратын тағы бір серіктес пайда болған.
"Келісім-шарт өткен жылдың қарашасында жасалды. Енді біздің үш серіктесіміз бар. Олардың бірі Сібірдегі бірі Оралдағы, үшіншісі Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі бизнеске жауап береді", - деді ол. Айтуынша, Оралдағы кәсіпті Беларусь пен Қазақстан бойынша әріптесі Қайрат Боранбаев басқарады.
"Оның тәжірибесі бар. 4 жыл бойы Беларусьта жұмыс істеді, өткен жылы Қазақстанда ашты. Оның бизнеске деген қызығушылығын, тәжірибесін ескере отырып, біз әріптес болдық" - деп атап өтті Хасбулатов.
2016 жылдың тамызында McDonald's Ресейдің 13 аймағындағы франшизаларды сататындағы белгілі болды. РБК-ның хабарлауынша, сатып алушы ретінде қазақстандық бизнесмен Қайрат Боранбаев аталған. Сол уақытта ол Алматыда да McDonald's дәмханаларын ашқан еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024