Экономика
Выбор редактора
Айырбастау пункттері доллар сатылымын тоқтатты, техника дүкендері жұмыс істемейді
Бейсенбі күні Қазақстандағы коммерциялық банктер мен айырбастау пункттеріндегі доллар курсы 258 теңге/$1 құрады. Бұл өткен сейсенбіде айырбастау бөлімшелеріндегі доллар курсынан 60 теңгеге артық.
Қазақстан Халық банкінде доллар бағамын сатып алу 256 теңгені, сату 257 теңгені құрады. ЦентркКредит Банкінде сатып алу - 255 теңге, сату -257 теңге. Алматы, Астана және басқа қалалардағы айырбастау пункттеріндегі сату орта есеппен 258 теңгені, сатып алу 250 теңгені құрайды. Техника дүкендерінің сайттары да жұмыс істемейді. Кейбір сауда үйлері жабылған. Өз кезегінде сарапшылар бұл жағдайда лондондық қор биржасына жарияланған KAZ Minerals акцияларына инвестиция салуға кеңес береді. Ол жерде табыс доллармен түсіп, теңгемен шығындалады. "Акцияның өзі доллармен белгіленген, бұл тағы да девальвация орын ала қалса қорғау болады. Сондай-ақ біз Казкоммерцбанк еурооблигацияларын сатып алуды ұсынамыз. Олар да доллармен номиналданған", - деп атап өтеді BCC Invest сарапшылары. Екінші деңгейлі банктерінің де сайттары бірнеше уақытқа үзіліске кетіп, 12:00-де жұмысын қайта бастады. Казкоммерцбанк долларды сатып алу курсын 255,5 теңге, сатуды 257,5 деп белгіледі. Сбербанк сатып алуды 251 теңге, сатуды 253 теңге деп белгіледі. Еуразиялық банкте доллар 255 теңгеден сатып алынып, 256,9 теңгеден сатылады. Түске дейін автосалондарды жұмысын тоқтатты. "Сатылымдар тоқтатылды, 2 күн ішінде қайта қаралатын болады", -деді Hyundai Auto Almaty салонынан. Allur Auto-ның түсіндіруінше, қазақстандық және шетелдік көліктерді де сату тоқтаған. Қазақстанның басқа да көлік салондарында осындай жағдай байқалады. Цифрлы және тұрмыстық техника дүкендері де сатылымдарын тоқтатып, тауар бағаларын қайта есептеді. Жекелей алғанда, Alser компаниясындағы сатылым тоқтады. "Доллар курсының жоғарылауына байланысты сатылымдар тоқтады", - деп түсіндірді Call-орталықтан. "Белый ветер" компаниясында да осындай жағдай байқалды. Өзге де техника сатушылар бағаларын қайта есептеуде. "Планета электроники" компаниясының дүкендерінде жекелеген тауарлардың бағасы өскенімен, өзгелері бұрынғы күйінде қалған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024