Экономика
Авто
Актив көлемі бойынша қазақстандық банктердің рэнкингі жарияланды
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) активтері бір жыл ішінде үштен бірге үлеске артты. Қаржы институттарының өсімі азайған деп хабарлайды Ranking.kz сараптама қызметі.
2016 жылдың қаңтарының соңында ЕДБ-нің жалпы активі 24,51 трлн теңгені құрады яғни өткен жылғымен салыстырғанда 37%-ға артқан. Ал осы жылдың басынан бері салыстырғанда 3,1%-ға көбейді.
Рэнкингтегі бірінші орынды 5,3 трлн теңгесімен Қазкоммерцбанк иеленді. Банктың ЕДБ-дің жалпы активіндегі үлесі 21,8%-ды құрайды. Ал осы жылдың алғашқы айында қоры 5,7% немесе 288,2 млрд теңгеге өскен.
Халық банкіндегі актив көлемі - 4,01 трлн теңге. Бұл бір ай бұрынғымен салыстырғанда 33,7 млрд теңгеге артық. Ал жылдық динамикада банк сектордағы үздік көрсеткішке қол жеткізіп, активін 1,5 трлн теңгеге арттырды.
Цеснабанк бір жыл ішінді төртінші орыннан үшінші орынға көтеріліп, Сбербанкпен орын алмастырды. Оның қоры өткен жылдың қаңтарынан бері 670 млрд теңгеге артты.
Мұндай орын алмастыру АТФ және Kaspi Bank арасында да болды. АТФ проблемалы қарыздарынан құтылып, осы жылы актив көлемі бойынша жетінші орынға көтерілді. Өз кезегінде Kaspi - дің активі 5,9%-дан 5,1%-ға дейін төмендеді.