Ақтөбе. 16 қазан. 7kun.kz - "Акtobe Invest-2017" бесінші инвестициялық форумы аясында құны 200 млрд теңгеден асатын серіктестік туралы 11 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңіраралық серіктестік пен өнеркәсіптік кооперация туралы меморандумды Ақтөбе және Қостанай облыстарының басшылары Бердібек Сапарбаев пен Архимед Мұхамбетов қол қойып бекітті.
«Күйе өндіретін зауыт құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру серіктестігі туралы меморандумға Ақтөбе облысы мен «Shengyuan Technology Co, Ltd» АҚ қол қойды. Өндірісте «Индустрия 4.0» элементтері пайдаланылатын болады. Аталмыш материал полиграфиялық және лак-бояу өндірісінің өнеркәсібінде қолданылады. Инвестиция көлемі шамамен 7 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен «Нитрохим компаниялар тобы» ЖШС арасында техникалық аммиак селитрасы мен карбамид өндірісінің жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Техникалық аммиак селитрасы өнеркәсіптік жарылыс заттарын дайындау үшін қолданылады. Жобаны жүзеге асыру өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз етіп, мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашады. Шетелдік инвесторлар тарапынан 130 млрд теңгеден астам қаражат салынады деп күтіліп отыр.
«Грин Капитал Қазақстан» ЖШС өңірде жаңа жылыжай кешенін салынатын болады. Жоба жыл сайын 6 мың тоннадан аса көкөніс өнімін өндіріп, маусымаралық кезеңде өңірді жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Ақтөбе ет кластері» ЖШС «МитМитМит» ЖШҚ-мен жылына мың тонна көлемінде сиыр етін Ресей федерациясына жеткізу бойынша келісімге отырды. Кәсіпорын экологиялық жағынан таза ет өнімдерін заманауи технологиялар бойынша өндіреді. Компания мал бағу, бордақылау, етті қайта өңдеуден бастап дайын өнімді нақты тұтынушының тапсырысымен тиеуге дейінгі өңдеу процесстерімен өзі айналысады. Етті Иран, Біріккен араб әмірліктері мен Қытай елдеріне жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.
Еске салайық, «Акtobe Invest-2017» форумына 500-ден аса адам ат салысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, ірі отандық және шетелдік кәсіпорындардың басшылары бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024