Қызылорда. 28 қыркүйек. 7kun.kz - Қызылордада қала күні мерекесіне орай кезекте тұрған азаматтар үшін Жаппасбай батыр көшесі бойынан 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп, барлығы 120 отбасы баспаналы болды. Қоныс иелерін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев құттықтап, жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Бұл жөнінде Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
- Елбасының әлеуметтік саланы ерекше қолдауының арқасында тұрғын үй құрылысы Қызылорда облысында жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Айта кетейік, биыл Қызылорда облысында құрылыс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өссе, облыс орталығы Қызылорда қаласында 8 есеге артып отыр. Жыл соңына дейін Қызылорда қаласында 2406 пәтер кілті табысталып, 43 көпқабатты тұрғын үй салынбақ. Дәл мұндай көрсеткіш Қызылорданың тарихында болған емес. Бүгін міне, Қасиетті Құрбан айт мерекесінде, қала күні мерекесі аясында сіздер үшін қуанышты жағдай - еңсесі биік, жаңадан іргетасы қаланған үйде қоныс тойын тойлап жатсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Құрбан айттарыңыз қабыл болсын,- деді аймақ басшысы.
Мереке күні баспаналы болып, пәтер кілтін алғандардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагері, көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024