Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алагөзовтің бизнесін күшпен тартып алған - Баян Мақсатқызы

Алагөзовтің бизнесін күшпен тартып алған - Баян Мақсатқызы

Қазақстандық белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бизнесін әлдекімдер күшпен тартып алған болуы мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы бизнесменнің жары Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында бейнежазба жариялады. Ол жақын уақытта өзіне және күйеуіне қоқан-лоқы көрсеткен елімізге танымал адамдардың аты-жөнін жариялауға уәде берді.

Айта кетейік, YouTube арналарының бірі кеше ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы белгілі адамдардың бизнесін рейдерлік жолмен тартып алды деген ақпарат таратқан. Онда құрбан ретінде Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызының да суреттері бар.

Продюсердің сөзінше, ол бұл бейнежазбаны көрсе де, оған қоқан-лоқы мен қысым көрсетілгендіктен жауап бере алмаған.

«Қазақстандықтар бұған таңғалмайды деп ойлаймын. Себебі мұндай жағдайға жүздеген кәсіпкерлер тап болған. Мен осы іске кінәлілер мен олардың серіктестерінің толық аты-жөндерін жариялаймын. Күйеуімнің бизнесін қалай тартып алғаны жөнінде бар шындықты айтамын. Жақын арада тиісті органдар барлық ақпаратқа ие болады» – деді Баян Алагөзова.

Похожие материалы