Алматы. 7 қараша. 7kun.kz – WhatsApp-та Қазақстан азаматтарына несие беруге әзір француз экономистінің атынан хабарлама тарады, деп хабарлайды stopfake.kz.
«Онымен байланысып, 1-9 миллион теңгеге дейін несие алуға болады деп көрсетілген. Бұл – алаяқтық. Мұндай алдау жолдары әлем елдерінде жиі тараған. Желіде несие ұсынатын алаяқтар туралы ескертулер бар және олардың адамдарды қалай көндіретіні егжей-тегжейлі сипатталған», – делінген хабарламада.
Қаскөйлер клиенттің қызығушылық танытып отырғанын байқап, одан несие рәсімдеу үшін белгілі бір мөлшерде комиссия төлеуін сұрайды. Содан кейін алаяқтармен байланыс үзіліп, олардың көмегіне жүгінген адам несие ала алмай, тиісінше жіберген қаражатынан да қағылатын көрінеді.
Мәселен, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Сингапурдың 315 тұрғыны мессенджерлер мен әлеуметтік желілер алаяқтарының құрбаны болып, 670 000 долларды жоғалтты. 2019 жылы алданып қалған сингапурлықтардың саны 692-ге дейін өсті, ал шығын 2,2 миллион долларды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024