Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев алдағы оқу жылында бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулы шығарылды. Мемлекеттік тапсырыс көлемі - 39 994 орын. Оның ішінде бакалавриатқа 32 168, магистратураға 7 241, докторантураға 623 грант бөлінбек. Әдеттегідей, техникалық мамандықтарға бөлінген гранттар саны көбірек. Нақтылап айтқанда, барлығының 42,4 пайызын құрайды", - деді вице-министр Астана қаласындағы басқарманың алқа отырысында. Оның айтуынша, осы жылы гранттардың 75 пайызы қазақ бөліміне, 25 пайызы орыс бөліміне бөлінген. "Мұндай шешім қазақ бөліміндегі байқаулар мен өту баллының деңгейі есебінен шығарылды", - дейді ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024