Алматы. 6 шілде. 7kun.kz – Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Аниса-1 ТК» даулы нысанның үлескерлері ведомствоаралық комиссия мүшелеріне өз пәтерлерін алуда мәселені бірігіп шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Аниса Сити» ТҚК төрағасы Зикен Абраев нысан құрылысын аяқтауда зардап шеккен үлескерлерге көмек көрсеткені үшін ВАК мүшелеріне алғыс хат тапсырды.
Оның айтуынша, ВАК-ның арқасында астана әкімдігі жанынан 9463 шаршы метр тұрғын үй рәсімделген, 119 үлескер өз пәтерінің кілтін алды.
«Біз «Аниса-1» ТК үлескерлері ведомствоаралық комиссиясының төрағасы мен барлық мүшелеріне алғысымызды білдіреміз, олар прокуратура органдарымен бірлесіп біздің проблемалы мәселемізді өз уақытында шешіп берді», – деді Зикен Абраева.
«Аниса-1» ТК 2014 жылдан бері даулы болып келе жатқан құрылыс. «Төленді» ТҚК мердігерлері Астана қаласының территориясына салынған объектінің құрылысына үлескерлерден заңсыз ақша тартқан. Бірнеше жылдан бері аталмыш нысанды пайдалану үшін рұқсат беретін ешқандай құжат рәсімдеу шаралары қолданылмаған. Осыған байланысты, ТҚК басшысы Айдын Байжұманов қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Оған Аниса ТК, Аниса 2, 3 ТК, Абат ТК, Столичный 2 ТК, Көктал 2 ТК, Абайға 150 жыл көшесіндегі ТК құрылысын салуға тартылған 1000-нан астам үлескер алданған.
Осылайша ВАК ұсынысымен зардап шеккендер «Аниса сити» ТҚК құрды. Қала прокуратурасының қолдауымен сот тәртібімен объект ТҚК пайдасына шешілді.
Бұдан басқа, автономды жылуға кеткен үлкен шығын қала әкімдігінің шешімімен қазандық «Астана энергия» ЖШС қызмет көрсетуіне берілді. Бұл пәтер иелерінің шығынын азайтып, объектіні үздіксіз жылыту жүйесімен қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге ВАК-ның көмегімен электр, су жабдығы, кәріз инженерлік желілеріне қосылу және қаланың магистралдық желісіндегі жылу жабдығына қосылуына да көмек көрсетілді.
Соттың шешімімен Астана қаласы әкімдігі құрылыс пен жобалау үшін жер участогын ұсынды, мемлекеттік сараптамадан өту үшін эскиздік жобалауды дайындауға және жоба жұмысын сүйемелдеуге көмектесті.
Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама жобасы өткізілуде. Қорытындысы бойынша объект пайдалануға енгізіледі.