Қазақстан. 20 маусым. 7kun.kz – Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова, айтты деп хабарлайды 7kun.kz.
«2015 жылдан бері Ұлттық қорды белсенді пайдаланып келеміз. 2019-2020 жыл туралы айтып отырған жоқпыз. Шынымен де пандемиямен байланысты дағдарысқа қарсы шараларға қаржы қажет болды. Бірақ 2021 жылы жалпы ахуал айтарлықтай жақсарды. Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына арқа сүйемеуі керектігі туралы тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 трлн теңге жұмсалды. Ал бұл кезеңде Ұлттық қорға 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен», – деді Наталья Годунова.
2022 жылдың басында Ұлттық қор қаржысы 55 млрд долларға дейін қысқарған. Заңға сәйкес трансферттерді бөлу тек Үкіметте көзделген бағыттар бойынша қарастырылуы керек. Сонымен қатар ең төменгі теңгерім 30%-дан төмендемеуі тиіс.
Сондай-ақ ол бюджетті тек бір жылға жоспарлау керек екенін айтты.
«Үш жылдық бюджеттің формальды күйде қалғаны белгілі. Оны қалыптастыру үшін көп уақыт қажет. Орындау барысында тек бірінші базалық жыл нақтыланып, түзетіледі. Одан кейінгі жылдарды қарамаймыз да», – деді Наталья Годунова.
Әрі келесі кезеңге жоспарлау кезінде бұрын қолдау тапқан шығыстың бір бөлігі жаңа бюджеттен түсіп қалуы мүмкін екенін атап өтті. Салдарынан нысандар аяқталмайды. Сондықтан бюджетті бір жылға жоспарлау қайтарылуы мүмкін. Оның бір жылдықты игеру де жеңіл екені атап өтілді. Тағы бір жаңалық – бизнес пен инвесторлар қабылдаған міндеттемелердің орындалуына кепілдік берілмек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024