IDC сараптама компаниясының есебіне сәйкес, 2015 жылы дербес компьютрлер сатылымы азайған. Бұл 2007 жылы тіркелген рекордтық минимумға жетті, деп жазады The Wall Street Journal.
Әлем бойынша дүкендердегі компьютерлер сатылымы 2015 жылы 10,4 пайызға қысқарып, 276 млнды құраған. IDC атап өткендей, өндірушілер 2007 жылы да 276,5 млн гаджет сатқан. Олардың қатарында үйге арналған дербес компьютерлер, ноутбуктер,ультрабуктер және жұмыс станциялары мен хромбуктар бар.
IDC-мен бәсекелестердің бірі Gartner агенттігі жеке зерттеуін жариялаған. Олардың мәлімдеуінше, компьютерлерді жеткізу 8 пайызға төмендеп, 288,7 млн құрылғы сатылған.
Екі бірдей зерттеу институтының ақпараты бойынша, сатылымның 4 тоқсанында Lenovo, HP және Dell өнімдерінің өтімділігі азайған. Lenovo жеткізу бойынша бірінші орынды сақтап қалды. Ал екінші орында HP, үшінші орында — Dell құрылғылары.
IDC сарапшылары сатылымның төмендеуін Қытай экономикасының әлсіреуімен, доллар курсының құбылмалығымен, Еуропа елдеріндегі компьютер өндірісінің қымбаттауымен және басқа да смартфондар мен мобильдік құрылғылардың көбеюімен байланыстырып отыр.
Фото: gazeta.zn.ua
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024