«Альфа-Банк» ЕБ АҚ ресейлік «Альфа-Банк» АҚ еншілес банкі болып табылады және Ресейде, Украинада, Беларусияда және Нидерландыда ұсынылған ABH Holdings S.A. құрамына кіреді. Альфа-Банктің мінсіз іскери беделі бар және Қазақстандағы бірінші ресей банкі болып, 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.
29 наурыз 2018ж. Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Альфа-Банк ЕБ АҚ ұзақ мерзімді дефолт эмитентінің («ҰДЭ») рейтингісін «ВВ-» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растады. Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «BBB+(kaz)» дейін расталды, болжам «Тұрақты».
2018жылы 28 қарашада S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «BB-/В» деңгейінде «Альфа-Банк» ЕБ АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингілерін растады, болжам «Тұрақты». Одан басқа, «kzA» ұлттық шәкілі бойынша банктің рейтингісі расталды.
Global Banking & Finance Review беделді қаржылық басылымы Альфа-Банкті «Қазақстанның ең үздік E-Commerce банкі» (Best E-commerce Bank Kazakhstan 2017) деп таныды.
«Альфа-Банк» ЕБ АҚ 2017 жылы банк орындаған, АҚШ долларымен халықаралық аударымдарының ең жоғарғы сапасы үшін JP Morgan Chase Bank, N.A., New York беделді сыйлығын алды.
Visa «Қазақстанда VISA — 25 жыл» конференциясында «Альфа-Банк» ЕБ АҚ «Beeline кобрендинг картасын сәтті шығарғаны» үшін марапаттады.
Банктің бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, банктің филиал желісі Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Семей, Көкшетау, Қостанай, Шымкент қалаларында көрсетілген. Екібастұзда банктің бөлімшесі жұмыс істейді. Альфа-Банк әмбебап қаржылық институт болып табылады және банктік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді, корпоративті клиенттерді және шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады, сондай-ақ жеке тұлғаларды несиелендіреді.
Дерекөз: alfabank.kz
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024