Қазақстан. 18 мамыр. 7kun.kz – Альфа-банк бұрын мәлімделген EcoBank орнына Eco Center Bank болып қайта аталады. Бұл туралы банктің KASE сайтындағы хабарламасында айтылған.
«ECOBANK-тың бастапқы атауы Африкадағы Банктің бұрыннан бар атауын қайталайды, сондықтан бренд үшін басқа атауды таңдау туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады ЦентрКредит банкінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін қайта тіркеуден кейін Альфа-Банктің Қазақстандағы еншілес ұйымы ECO BANK брендімен жұмыс істейді деп хабарланған еді.
Сондай-ақ, Альфа-Банкті сатып алу ЦентрКредит Банкінің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылғаны атап өтілді.
ЦентрКредит Банкі Альфа-Банктің Қазақстандағы еншілес ұйымының 100% жай акцияларын сатып алуды аяқтағанын хабарлады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024