Альфа-Банк Қазақстан SWIFT-тен ажыратылған жағдайда, аударымдарды СПАС арқылы жүзеге асырады
Батыс елдерінің Михаил Фридман мен Петр Авенге қарсы санкциялары біздің банкке ешқандай қатысы жоқ және Альфа-Банктің операциялық қызметіне әсер етпейді. Бұл туралы Альфа-Банк Қазақстан Бас басқарушы директоры Андрей Тимченко айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл Банктің ABH Holdings S.A халықаралық холдингтік тобына кіретінімен (штаб-пәтері саяси оқиғалардан тыс Люксембург қаласында орналасқан) байланысты.
"Батыс елдерінің Михаил Фридман мен Петр Авенге қарсы санкциялары біздің банкке ешқандай қатысы жоқ және Альфа-Банктің операциялық қызметіне әсер етпейді. Холдингтің бенефициарлары арасында тек Авен мен Фридман ғана емес, сонымен қатар UniCredit Еуропалық банк тобы және АҚШ-та тіркелген TMFСR қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық компаниясы бар. Альфа-Банк Қазақстан клиенттерінің қаражаты сақтаулы және мемлекетпен кепілдендірілген", - деп мәлімдеді Альфа-Банк Қазақстан Бас басқарушы директоры Андрей Тимченко.
Банк әлемде болып жатқан жағдайды мұқият бақылап, үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды дайындамақшы. Мысалы, банк SWIFT бұғатталған жағдайда тәуекелдерден сенімді қорғалған, себебі ол қаржылық хабарламаларды беру жүйесінің (ФҚҚҚ) қатысушысы болып табылады. Ресей Федерациясы SWIFT-тен ажыратылған жағдайда, банк СПАС арқылы аударымдарды жүзеге асырады. Халықаралық аударымдар және Visa және Mastercard карталарымен төлем жасау қол жетімді болып қала береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024