Қытайдың онлайн-ритейлері Alibaba Group Ресей Федерациясында өз өкілдігін тіркеді. Бұл туралы AliExpress бизнесін ТМД мен Ресейде дамыту жөніндегі директор Марк Завадскийге сілтеме жасап хабарлайды "Коммерсантъ".
Басылым берген ақпаратқа сүйенсек, компания Ресейде 15 мамыр күні "Алибаба.ком" жауапкершілігі шектеулі қоғамын тіркеген. М.Завадскийдің айтуынша, Alibaba Group Ресейдегі бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр, осы мақсатпен елде жаңа компания құрылыпты. "Alibaba Group біздің бизнесіміздің одан әрі кеңейту және серіктестерді қолдау мақсатында, сонымен қатар Ресейдің мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттестікті жеңілдету үшін Ресейде жаңа компания құрып отыр", - деді М.Завадский. Компанияның бас директоры болып М.Завадскийдің өзі тағайындалды және ол бұрынғы қызметін қатар атқаратын болады. Айта кетелік, Ресейде Alibaba Group сервистерінің арасында AliExpress интернет-дүкені танымалдылыққа ие. 2014 жылдың қорытындысы бойынша AliExpress Ресейдегі ең ірі халықаралық интернет-дүкен болып танылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024