Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz - Толық емес отбасыдан шыққан балалардың көбіне әлеуметтік жағдайы төмен деңгейде. Себебі алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер көп. Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта облыстағы сот орындаушылардың орындауында алимент өндіру бойынша 12 мың 337 атқару өндірістері бар, олардың қарыз соммасы 880 млн теңгеден асады. Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуы бойынша бұл өте күрделі мәселе болып тұр. Сондықтан, Жамбыл облысының прокуратурасы бұл салада қадағалауды күшейтіп, борышкерлерге қатысты қатаң шаралардың қабылдануына басты назар аударды.
2016 жылдан бері алимент бойынша борышкерлердің 91-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, оның 55-і қамауға алынып, 36-ы айыппұл төлеген, 7 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 175-і көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Облыс прокурорының айтуынша, борышкерлердің көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру тиімді тәсіл болып саналады. Себебі олар бұл тұрғыда көлік жүргізу куәліктері үшін өзінің кәмелетке толмаған балаларына қысқа мерзім ішінде қаражат тауып, қарызды толық көлемде өтеуге барынша тырысады.
«Әрине, өздерінің тұрмыс жағдайлары төмен болып табылатын адал борышкерлер де бар. Оларға қатысты облыс прокуратурасы тұрмыс жағдайларын және жұмыссыздықтарын ескеріп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 195 борышкерлерді жұмыспен қамтып, кәмелетке толмаған балалары үшін алименттің өндірілуіне ықпал жасады. Әлі де 873 борышкерлер жұмысқа орналасу кезегін күтіп отыр», - деп айтты облыс прокуроры.
Атап айту керек, қазіргі уақытта борышкерлердің дүние-мүліктеріне жедел түрде тыйым салынып жатыр. Яғни қарызды дер кезінде төлемесе немесе белгіленген қаражатты таппаса, олардың иелігіндегі үй, пәтер, автокөліктері де тәркіленеді. Сонымен қатар, борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мекен-жайы туралы, дүние-мүлкі туралы ақпаратты алу құқығынан айырырлады.
«Біз адал борышкерлерге көмектесуге дайынбыз, бастысы олардың талпынысы мен кәмелетке толмаған балаларына деген ата-аналық сезімі, ал алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты қатаң шара қолданылады. Біздің басты мақсатымыз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді тиесілі қаражатпен қамтамасыз ету» – деді облыс прокуроры Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлы.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024