
Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – «АлмаТВ» сауда маркасының иесі «АлмаТел Қазақстан» АҚ-ның ірі акционері ауысты, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
Жарияланған құжатқа сәйкес, 2018 жылдың 29 желтоқсанынан бастап оператор акционерлерінің құрамына «DSFK арнайы қаржы компаниясы» кірді.
Құнды қағаздардың қалған 20%-ның иесі ASSET INVEST болып қалады. KASE мәліметтері бойынша, мәмілеге дейін оператор акцияларының 100% ASSET INVEST тиесілі болды. 2018 жылдың 27 желтоқсанында «АлмаТВ» жаңа бас директоры болып Дмитрий Басин тағайындалды.
«АлмаТВ» - отандық кабелдік телевидение операторларының ішіндегі көшбасшылардың бірі. Нарықта 1994 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Компания ұсынатын қызметтерге: Интернет ТВ, баламалы, цифрлық, ММДС және жерсерік телевидениесі, Интернет желісі мен телефония кіреді.