Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz - "Алма Телекоммуникейшнс Казахстан" АҚ 2,2 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне шектеу қойылды деп хабарлайды KASE.
Қазақстан қор биржасының хабарлауынша, компанияның мүлкі 12 сәуірде бұғатталған.
"АлмаТел Казахстанның" кассасына түсетін қаражат, компанияға тиеселі жылжымалы және жылжымайтын мүліктер және екінші деңгейлі банктердегі жалпы 2 180 388 000 теңге көлеміндегі қаржы бұғаттаулы",-деп айтылған хабарламада.