"Алма-ТВ" кабельдік телевизия операторының 2015 жылдың 1 жарты жылдығында таза табысы 432,7 млн теңгені құрады. Ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9 есе азайды. Мұндай мәлімет компанияның шоғырланған қаржылық есебінде белгілі болды.
Салық салғанға дейінгі табысы 2 есеге түскен - 1,56 млрд теңгеден 750,3 млн теңгеге. Жалпы пайдасы болса 9 пайызға өсім көрсетіп, 2,54 млрд теңгені құрап отыр. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында "Алма-ТВ" түсімі өткен жылмен салыстырғанда өсіп, 6,3 млрд теңгені құрады. Бірінші жартыжылдықтағы активтері 2 пайызға өсті - 59,7 млрд теңге. «Алма-ТВ» бас директоры - Жомарт Ертаев.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024