Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz - Ескі Үкіметпен Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес. Құртуы әбден мүмкін! Шаруалар наразы. Қаралы қаңтар айынан өзгермек түгілі, әрекет жасамаған Үкімет бізге керек емес деген шешімге келдік. «Шопан-ата» агро-қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаев бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.
Шаруа «Әлихан Смаиловты сыйлағаннан жеке өзім де, шаруалар да мүмкіндігінше шыдадық. Бірақ амал жоқ. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі одан да қымбат», деген шаруа ауылшаруашылығы министрі Қарашөкеев пен вице-премьер Склярдан шаршағанын жазды.
«Саланы білмейтін ауылшаруашылығы министрі Е. Қарашөкеевтен әбден шаршадық. Жеке өз мүддесіне ғана жұмыс жасайтын, КазАгроның былығынан шыққан, әбден сүлік сияқты тайғақ міністір бізге керек емес. Вице - министр Скляр деген адаммен бүгінде кішкене баланы қорқытатын жағдайға жетті. Байлардың және олигополияның мүддесін қорғаған бұндай шенеунікті 30 жыл бойы көрмеген едік», дейді агроқозғалыс төрағасы.
Ол сондай-ақ артында жауап сұрайтын артымда ел барын, аталған министрлермен ары қарай бірігіп жұмыс жасай алмайтыны, бұл Үкімет мүшелерімен конфронтацияда екенін жазды.
«Бүкіл өңірлердегі шаруалар көтеріледі. Мәдениетті және ұйымдастырылған алаңдарда шарулармен кездесуге және жұмыс жүргізуге жарамаған үкімет, ұйымдаспаған, улап-шулаған тобырмен кездесуге тура келеді. Конструктив болмағаны өкінішті», делінген жазбада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024