Экономика
Регионы
«Алматы - 2020» бағдарламасына бір триллион теңгеден астам ақша бөлінді
Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz - 2015 жылдың 10 желтоқсанында президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" жарлықтың негізінде "Алматы - 2020" бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарламаның мақсаты қаланың халық үшін жайлы және бизнеске қолайлы болуын қамтамасыз ету деп көрсетілген.
Алдын ала есеп бойынша, 2016-2020 жылдарға бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 1,5 трлн теңге қаржы бөлінген. Оның 523,3 млрд теңгесін мемлекет тарапынан, 573,3 млрд теңгені жергілікті бюджеттен, ал қалған 436,9 млрд теңгені инвестиция арқылы тарту талабы қойылған.
Жоғарыда аталған соманың 298,5 млрд теңге көлеміндегі қаржыны 2017 жылы бөлу жоспарланған.
Бірақ бағдарламаның ресми сайтында 2017 жылы 459,4 млрд теңге бөлу жоспарланған делінген. Ал тағы басқа да шығындармен бұл сома 539,7 млрд теңгеге дейін өсті. Яғни, шығындар бастапқыда жоспарланған сомадан 17,3 пайызға көбейген.