Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Алматы айналма теміржол желісінің құрылысына 80,5 млрд теңге қажет. Бұл туралы Көлік комитеті хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдана отырып, жобаны іске асыру пысықталып жатыр. Сонымен бірге жеке серіктесті анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.
"Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес, "Алматы станцияларының теміржол торабынан айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы" жобасының құны 80,5 млрд теңгені құрайды", – деп хабарлады Комитет.
Сонымен қатар, комитеттің ақпаратына сәйкес, жаңа желі Алматы станцияларының транзиттік жүк тасымалы қажеттілігін жояды. Бұл тасымалдау мерзімін орташа есеппен екі тәулікке қысқартуға және Алматы станцияларын 40%-ға жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Алматы айналысына теміржол салу туралы әкім Бақытжан Сағынтаев Президенттің қалаға іс-сапармен келген кезінде хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024