Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы №16 емханаға баспасөз сапары ұйымдастырылды

Алматыдағы №16 емханаға баспасөз сапары ұйымдастырылды

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалаудың қазіргі жағдайында медициналық мекемелердегі емдеу үдерісін ұйымдастыруға және басқаруға бірқатар жаңалықтар енгізіліп жатыр. Баспасөз сапары осы соңғы жаңалықтар жөнінде халыққа ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

БАҚ өкілдері амбулаториялық кезеңде көрсетілетін кардиологиялық көмектің ұйымдастырылу стандарттарымен (кардиостандарт) танысып, анализдерді тапсыру орнында, иммунология кабинетінде болып, психологиялық қызмет жұмысын көріп қайтты.

«Біздің емхана қажетті кадрлармен толық көлемде қамтылып, заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған. Біз емханадағы медициналық көмек сапасын жетілдіру бағытында жаппай жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру кезінде біздің мекеменің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жағдай жасамақ», - №16 емханасының бас дәрігері Ақмарал Әлібек  Октябрьқызы.

Қазіргі уақытта емхана ұжымы 15122 балаға, бала көтеретін жастағы 16969 қыз-келіншекке және 42311 ересек тұрғынға қызмет көрсетеді. Дәрігерлердің 43 пайызында және медбикелердің 44 пайызында біліктілік санаты бар. Емхана жалпы практикаға жататын дәрігерлер арқылы учаскелік көмек түрінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті және де мамандандырылған білікті медициналық көмекті келесі 16 қызмет түрі аясында көрсетеді. Олар: акушерлік және гинекология, кардиология, хирургия, травматология, ортопедия, неврология, эндокринология, отоларингология, офтальмология, рентгенология, УЗИ-диагностика, физиотерапия, зертханалық диагностика, онкология, маммология, гастроэнтерология.

Сондай-ақ, емхана әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық қызметті жүзеге асыруға бағыт алып отыр.

Похожие материалы