Алматы қаласының бюджеті 2015 жылғы есеп бойынша 2,5%-ға өсіп, 437,9 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қала бюджетіне соңғы 9 айда салықтар мен басқа төлем жүйелерін қосқанда 934,1 млрд теңге қаржы түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артық болып отыр. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Алматы қаласының бұл үлесі республика бюджетінің үштен бір бөлігін құрайды. Алматы әкімінің сөзінше, әлем нарығындағы жағдай - қарапайым эконмикалық жағдай емес. Бұл үшін арнайы шаралар қолдану керек. "Әлем нарығындағы тұрақсыздық пен мемлекет эконимкасындағы жағымсыз тенденциялар дағдарысқа қарсы шараларады ұймдастыруға және қала эконмикасына арналған резервтерді қайта қарауға негіз болып отыр", - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек. Сондай-ақ, қала әкімі мегаполистің өндіріс өнеркәсібін дамыту мақсатында жоспарлар құру керектігі туралы айта кетті. Бизнесті қолдауда "Жібек жолы" қалалық бағдарламасының тиімділігін арттыру қажеттігін жеткізді. Әкімнің мәлімдеуінше, бағдарлама тиісті шара бойынша жұмыс істеп жатқан жоқ. Бөлінген 4 млрд теңге қаражаттың 25%-ы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі шаһарда жерді бөлу кезінде аукционды пайдалануды жоспарлап отыр. Әкім бос жер телімдерін есепсіз бөліп бере беруге жол бермеу керектігі туралы тапсырма берді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024