Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Экономикалық болжау саласына мамандандырылған The Economist Intelligence Unit зерттеу компаниясы 2019 жылы тұру үшін ең қымбат және арзан қалалардың тізімін құрады.
Компанияның талдауы бүкіл әлемнің 133 қаласындағы нан мен басқа да қажетті заттардың құнына негізделген.
Ең қымбат қалалар тізіміне Сингапур (Сингапур), Париж (Франция), Гонконг (Қытай), Цюрих (Швейцария), Женева (Швейцария), Осака (Жапония), Сеул (Оңтүстік Корея), Копенгаген (Дания), Нью-Йорк (АҚШ), Тель-Авив (Израиль) және Лос-Анджелес (АҚШ) кірді.
2019 жылы бірінші орынды Сингапур, Париж және Гонконг өзара бөлісті.
Компания сарапшылары әлемнің қауіпсіз және ыңғайлы қалаларында өмір сүру өте қымбат екенін атап өтті.
Ал экономикалық және саяси тұрғыдан проблемалық қалаларда тұру айтарлықтай арзан.
ТОП-5 ең арзан қалалар: Каракас (Венесуэла), Дамаск (Сирия), Ташкент (Өзбекстан), Алматы (Қазақстан), Бангалор (Үндістан).
Тізімді Карачи (Пәкістан), Лагос (Нигерия), Буэнос-Айрес (Аргентина), Ченнай (Үндістан), Нью-Дели (Үндістан) жалғастырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024