Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ 2018 жылы 5,39 млрд теңге таза пайда алды, - деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
2017 жылы таза табыс 4,077 млрд теңгені құрады. Осылайша, көрсеткіш 32%-ға артты.
Есепті кезеңде әуежайдың түсімі 17%-ға 65,312 млрд теңгеге дейін, сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны – 16,3%-ға 52,588 млрд теңгеге дейін, салық салғанға дейінгі пайда – 32%-ға 6,914 млрд теңгеге дейін, жалпы пайда – 20,6%-ға, 12,724 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2018 жылы әуежай активтері 0,7%-ға 81,199 млрд теңгеге дейін ұлғайды, міндеттемелер 12%-ға, 15,182 млрд теңгеге дейін төмендеді, меншікті капитал керісінше 4,2%-ға, 66,018 млрд теңгеге дейін өсті. Жарғылық капитал өзгерген жоқ және 78,4 млн теңгені құрады.
Қазақстандағы ең ірі Алматы әуежайы 1935 жылы салынған. Компанияның жалғыз акционері Амстердамда тіркелген Venus Airport Investments B.V. болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024