Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz - Алматы әкімдігі қаланың архитектуралық көркем бейнесін қалыптастыру жұмысының аясында қаланың брендбугын (фирмалық стилі) жасауға ашық байқау жариялайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жазылған.
Байқауға жарнама агенттіктері мен фирмалар, суретшілер мен дизайнерлер, архитекторлар, жоба ұйымдастырушылары, сондай-ақ шығармашылық мамандықта оқитын ЖОО студенттері қатыса алады. Шығармашылық байқауының мақсаты - Алматы қаласының брендбугын қалыптастыру үшін ең үздік жобаларды анықтау.
Байқауға өтініштер осы жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады. Алматы қаласы, Досмұхамбетов көшесі, 89А, 2 пәтер, "Алматыжарнама" ЖШС мекен жайы бойынша немесе konkurs_brand@almatyzharnama.kz поштасына жіберу қажет. Телефоны: +7(727)2929794. Егер қатысушыға жазбаша немесе электронды түрде хабарлама жіберілсе, материал қабылданды деп есептеледі. Байқау ұйымдастырушылары төмендегідей сыйақы тағайындады:
1 орын – 1 000 000 тенге
2 орын – 800 000 тенге
3 орын – 500 000 тенге
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, жұмыстарды обьективті және ашық түрде бағалау үшін Сарапшы комиссиясының құрамына қала мәслихатының депутаттарынан, БАҚ өкілдерінен, басқа да мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан және коммерциялық ұйым өкілдерінен бақылаушылар енгізіледі.
Фото:life24.kz
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024