Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — 10 жыл ішінде Алматыдағы шетелдік инвестициялар 3,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы Almaty Invest Халықаралық инвестициялық форумы барысында мәлімдеді.
"Қала ЖІӨ-нің бесінші бөлігін және ел салықтарының төрттен бір бөлігін құрайды. Қалаға халықаралық компаниялар белсенді инвестиция салуда. 10 жыл ішінде $22,2 млрд инвестиция тартылды, оның ішінде 3,5 млрд доллар - шетелдік. Тек осы жылы инвестиция 21% - ға, оның ішінде шетелдік 24% - ға өсті", - деді Байбек.
Сонымен қатар, қала басшысы форум барысында 1 млрд доллар-ға 40-тан астам меморандумға қол қойылғанын, оның ішінде 400 млн доллар-ға 12 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.
Әкімнің хабарлауынша, бүгінде Алматы экономикасының 86% - ын сауда және қызмет көрсету, шағын және орта бизнес 40% - дан астамын құрайды. Қалада Қазақстанның ірі салық төлеуші-компанияларының үштен бірі, 30-дан астам трансұлттық компаниялар, банктердің бас кеңселерінің 90%- ы, бірлескен кәсіпорындардың 43%- ы және ірі халықаралық ұйымдар орналасқан. Жақында БҰҰ-ның 14 мамандандырылған агенттіктері үшін хабтың жаңа ғимараты ашылды.
Айта кетейік, Almaty Invest форумына әлемнің түрлі елдерінен 500-ден астам делегат қатысуда. Қатысушылар қатарында танымал саясаткерлер, бизнесмендер, инвестициялық корпорациялардың, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшылары бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024