«Алматы ипподромы» жобасы қолға алынатын болады. Мұндай шешім қабылдауға көпшіліктің аталған нысанды Алматы қонақтары үшін маңызды демалыс әрі тартымды спорттық- мәдени орын ретінде бағалаған және айтқан пікірлері түрткі болды.Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Модернизациялау жұмыстары нысан иелерінің қаржысы мен жеке инвестиция арқылы жүзеге асады. Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы АҚФ депутаттық фракциясының отырысында қала бюджетін оңтайландыруда ипподромды қайтарып алмау жөнінде шешім қабылданған еді. Ал, үнемделген қаржы әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын болады. Алайда, Алматы ипподромын қайта жаңғырту жөніндегі бастамашылар - потенциалды инвесторлар мен нысан иелері өз күштерімен дамыту жұмыстарын қолға алмақ. Қазір нысанның даму Концепциясы жасалуда. Барлық модернизациялау және қайта жасау жұмыстары 2016 жылдың басында қолға алынады деп жоспарлануда. Республикалық Алматы ипподромы асыл тұқымды жылқылардың сынақ Орталығы ретінде 1930 құрылып, 1934 жылы салынды. Араға 30 жыл салып ол қайта құрылған болатын. Алматы ипподромының негізгі жұмысы- ұлттық ат ойындарын өткізу мен бәйге аттарын сынау. Алматы ипподромы құрылғалы бері мұнда 2000 араб, қостанайлық, оралдық, ресейлік аттар сынақтан өтті. Фото: hippodrom.ru сайтынан алынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024