Алматы күнінде, яғни 20 қыркүйекте қозғалыс қиындайды. Соған байланысты Тұңғыш Президент саябағы мен Орталық мәдениет және демалыс саябағының арасында қатынайтын қосымша автобустар шығады. Бұл жөнінде қалалық мәдениет басқармасы хабарлайды.
Осы күні сағат 11:00 мен 22:00 аралығында әл-Фараби көшесінің бойы, Науаи мен Мұстафин көшелерінің қиылысы, сонымен бірше Гоголь көшесі мен Бәрібаев көшелереінің қиылысы аумағында қозғалыс қиындай түседі. Қала тұрғындары 20 қыркүйекте саябақтар арасында жүретін қоғамдық көлікті пайдалана алады. Автобус бағыты - әл-Фараби-Фурманов-Гоголь көшелері. Жол жүру құны - бір бағытқа 100 теңге. Алматы қалалық мәдениет басқармасы осы күні жүріс-тұрыс ыңғайлы болу үшін Қала күні белгісіндегі автобустарға мінуге кеңес береді. Қала бойынша жалпы саны 10 осындай автобус қатынайтын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024