Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматылықтар қала күніне арналған шаралар туралы арнайы қосымша арқылы біле алады

Алматылықтар қала күніне арналған шаралар туралы арнайы қосымша арқылы біле алады

Алматыда қала күні аясында өтетін шараларға арналған Junaio ұялы қосымшасы іске қосылды. Қосымшада негізінен қала күнін тойлауға арналған мерекелік шаралардың жоспары бар.

Қалалық мәдениет басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Маркен Ахметовтың айтуынша қосымшаны тегін орнатуға болады. «Қала күніне қатысты барлық шараларды біліп отыруға мүмкіндік беретін қызықты қосымша жасап шығардық. Оны смартфонға (Appstore, Playmarket) орнатып аласыз. Сол жердегі жарнама баннері немесе кез келген батырманы басу арқылы қала күніне орай өтетін іс-шара туралы ақпарат алуға болады», - дейді ол. Биыл қала күні 20 қыркүйекке түсіп тұр. Бірақ, алматылықтар мен қала қонақтары айдың басынан бастап мерекелерік шараларды тамашалай алады. Қала билігі мереке аясында 50 негізгі шара ұйымдастыруда. Оның ішінде, Оркестрлер шеруі, Қарбыз фестивалі, Apple Quest ойыны, "Еуразия" халықаралық кинофестивалі алматылық кинофестивальмен бірлесе отырып ұйымдастыратын "Шәкен жұлдыздары", Apple Fest алма фестивалі, «Muzzone-2015» Еуразиялық музыка бәйгесі және т.б бар. Осы жылы тұңғыш рет қалалық 7 метро станциясында "Метродағы музыка" классикалық оркестр музыкасының концерті өтеді.

Похожие материалы