Экономика
Выбор редактора
Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаменті екі мыңнан астам кәсіпорынды тексереді
Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаменті бақылау-кассалық машиналардың болуы және қолданылуы тексерілуі тиіс бірқатар кәсіпорындардың тізімін жария етті. Бұл жөнінде Zakon.kz жазды.
Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсанда бекітілген № 1129 қаулысына сәйкес, ақпараттар жеткізетін бақылау-кассалық машиналар болуы тиіс бірнеше кәсіпкерлік салалардың тізімі дайындалған еді. Аталған ережелермен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек акцизделетін тауар (ішімдік, шылым) сатушылар ғана емес, құрылыс материалдары, орман жабдықтарын сатушылар, сантехникалық, жылу және су құрылғылары, аудио-видео материалдар, жиһаз және өзгеде тұрмыстық тауар сатушылар, сонымен бірге азық-түлік жеткізу қызметі бар мейрамханалар, қонақ үйлер, кинотеатрлар, шаштараздар мен сұлулық салон қызметтері үшін де аталған аппараттар орнатылуы міндеттелген болатын.
Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың әдісі өзгеретін болады. Соған орай тексеріс жүргізу жоспарланып отыр.
2016 жылдың 14 мамыр күні кассалық аппарат алып үлгеруге "соңғы ескерту" жасалған еді.
Салық комитеті ескерту жасалғаннан кейін қайтадан тексерген кезде аппарат болмаған жағдайда айыппұл салынатын болады деп ескертуде. Атап айтқанда: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15 АЕК, орта кәсіпкерлікке - 30 АЕК, ірі кәсіп иелеріне - 50 АЕК мөлшерінде салынады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024