Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - McDonald's мейрамханалар желісінің Алматы қаласында ашылуы қаланың тарихи келбетіне еш зиянын келтірмейді. Бұл жөнінде қала әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«McDonald's - әлем бойынша танымал бренд. Көптеген шетел инвесторлары бір елге іс-сапарлатып келгенде: "Бұл жерде McDonald's бар ма?" деген сұрақ қояды. Олай сұрайтын себебі, McDonald's-ты елге әкелу оңай емес екендігін біледі", - дейді қала әкімі.
Бұрынғы "Алатау" кинотеатры сүріліп, орнына McDonald's мейрамханасы салынады деген хабар тараған еді. Мұны естіген жергілікті тұрғындардың көпшілігі бұл шешімге өз наразылықтарын білдірген болатын.
«Алматы сейсмикалық аумақта орналасқан қала. Ескірген ғимараттар адам өміріне қауіп төндіреді. Сол себепті оларды сүріп, орнына жаңасын салған жөн. Шешім қабылдар сәтте, біз кинотеатрға арнайы бардық. 20 жыл бойы бос тұрған ғимарат. Егер сол жерге барған болсаңыз, білетін боларсыз. Кинотеатр алюкобондтан жасалған. Іші бұрынғы 90-жылдарды еске салады, өте ескі. Әрине, тұрғындар сағынышпен еске алатын жер. Бірақ, жоғарыда не себепті сүрілгенін жеткіздім. Ғимарат иесі де инвестордың келгеніне өте қуанған еді», - дейді Б.Байбек.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024